Н.Тілендиев мемориалды мұражайында адамгершілік, мейірім, ізгілік, қамқорлық тәрізді асыл қасиеттерді жас ұрпақтың бойына дарыту мақсатында «Жүректен жүрекке» акциясы ұйымдастырылды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау жасау бағытындағы шарапаты мол шара оларға материалдық көмек көрсетуге еріктілер мен меценаттар, мемлекеттік емес ұйымдарды тарта отырып, қоғамның назарын аударту мұратын көздейді.
Қазіргі таңда Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен бірқатар әлеуметтік жобалар қолға алынып жатқандығы көңілге қуаныш ұялатады. Мысалы, Алматы мұражайының бастамасымен 2017 жылы үлкен әлеуметтік жоба қолға алынып, жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда қаламыздағы мұражайларда жоғары деңгейде іске асырылып жатқан «Қолжетімді музей» жобасы жұртшылықтың көңілінен шығып, қоғамда қызу қолдау табуда.
Әрбір азамат қоғамда тең құқылы өмір сүруге лайықты екендігі туралы Қазақстан Республикасының Ата заңында көрсетілген. Адам өмірде ең алдымен ақыл-парасатына қарай бағалануы қажет. Кез-келген адам қандай жағдайды басынан өткерсе де, қоғамда, жалпы, кез-келген ортада өзін емін-еркін ұстап, өз-өзінен еш қымсынбауы керек. Сондықтан да қоғамдық орындарда, театрларда, мейрамханаларда, ойын-сауық орындарында еркін сезінулеріне мүмкіндік туғызуымыз қажет.
Н.Тілендиевтің мемориалдық мұражайында келген қонақтарға барлық жағдай жасалған. Бүгінгі таңда аталған мұражай қаламыздағы бірқатар әлеуметтік үйлермен, балалар үйімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетіп, олардың жан жарасын жазуға тырысу – азаматтық борышымыз.
«Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық шарасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандар Н.Тілендиев мемориалды мұражайын аралап, арнайы концерттік бағдарламаны тамашалай алады. Оларға қамқорлық жасау мақсатында әр ай сайын өткізілетін бұл ізгі шараның аясы кеңейіп, болашақта еріктілер, меценаттар мен кәсіпкерлер тарапынан қызу қолдау табады деген үміттеміз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген дана халқымыз. Қолымыздан келгенше қамқорлық қанатына алып, жанымыздағыларға жәрдемдесу, игі ісімізбен, мейірімімізбен жүректерді жылыту – біздің азаматтық парызымыз.
Шараның мақсаты – облысымызға қарасты шалғай аудан, қалалардағы мүмкіндігі шектеулі жастардың шығармашылық деңгейін дамытуға барынша қолдау көрсету, олардың ерекше қабілеттерін көпшілікке таныстыру. Үміткерлер 5 кезең бойынша өзара сынға түсті. Ең әуелі спорттық шарада белсенділіктерімен көзге түссе, кейінгі бөлімдерде қолөнер бұйымдарын жасау, сурет салу, би билеп, ән шырқау сынды шығармашылық қырларын танытты.