Жалпықалалық сенбілік аясында Алмалы ауданында орналасқан жоғары оқу орны және колледж студенттері «Инстаграмм» әлеуметтік желісінде ашылған Алмалы ауданы жастары парақшасы арқылы «Таза қала» акциясын өткізіп, сенбілікке шақырды. Жалпы, Алмалы ауданында 65 мыңнан астам студент оқитын 16 ЖОО және 20 орта арнаулы оқу орны орналасқан.
Сондай-ақ, сенбілік барысында «Амангелді» саябағында Алмалы ауданының әкімі Ж.Естенов бастаған аппарат қызметкерлері, аудан ардагерлері және жергілікті тұрғындардың қатысуымен ағаш отырғызылып, көріктендіру жұмыстары жүргізілді.
Аудан аумағында сенбілік жұмыстары 30 шағын участоктер бойынша жүргізілді. Жалпы, сенбілікке 37 мыңнан астам адам қатысты. Аудан бойынша сенбілік кезінде 105 техника жұмылдырылып, 780 м3 қоқыс шығарылды.
Қоғамдық және жастар ұйымдары, мектептер, ауруханалар, балабақшалар, ПИК-тер, жоғары және арнайы орта білім беру мекемелерінің студенттері, әлеуметтік мекемелер және тұрғындар аудан бойынша сенбілікті жоғары деңгейде өткізуге өз үлестерін қосты. Жалпықалалық сенбілік өткізу барысында көшелер, аулалар, жалпы қолданыстағы орындар, арық жүйелері, бос орындар, жасыл желектер, өзен арналары мен су қоймаларының жағалары тазаланды.
Аталған акцияның мақсаты - санитарлық нормалар мен абаттандыру ережелерінің бұзылуын анықтау және оның алдын алу. Акцияның мақсаты – балаларды қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға шақыру. Сондай-ақ, тәрбиленуші балалар арасында қамқорлық, бауырмашылдық қасиеттерді орнатып, еңбексүйгіштікке баулу. Барлық қызметтер мен ведомстволардың қызметін үйлестіріп, келіп түскен мәліметтерді жинаумен айналысатын жұмыс тобы құрылды.