Ұшақ бортындағы жолаушылардың құқықтары мен міндеттері қандай?

/uploads/thumbnail/20180426124937175_small.jpg

ҚР Инвестициялар және Даму министрлігі Азаматтық авиация Комитеті ұшақ ішінде тәртіп бұзған жолаушыларға қандай жазалар қолданылатынын жариялады.

Ведомствода ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әуе кемесінің бортында тәртіп ережелерін бұзған адамдарға қандай шаралар қолданылатыны туралы инфографика жарияланған.

«Мәселен, салон ішінде жүріп-тұруға, әуе кемесін аспанға көтеріп немесе жерге түсіріп жатқан уақытта тұрып тұруға тыйым салынады. Ережеге бағынбаған жағдайда 3 АЕК (айлық-есептік көрсеткіш) көлемінде айыппұл салынады. », - делінген комитет хабарламасында. Ал ұшақ бортында шылым шеккен жолаушыға 200 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік тұтқынға алынады», - делінген комитет хабарламасында.

Экипаж мүшелері мен жолаушылардың өміріне қауіп төндіріп немесе ар-намысына тиетін әрекеттерге барған жолаушы да 200 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

Бұған қоса әуе кемесі бортында өзге жолаушыға тіл тигізіп, балағаттап, қорқытса 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынады.

Ұшақ ішіндегі мүлікке қасақана залал келтіру немесе оны әуе кемесінен алып кету әрекеттеріне 200 АЕК айыппұл немесе 15 тәулікке әкімшілік тұтқынға алынады.

Қатысты Мақалалар