Ректор IELTS дауына қатысты: Декан жұмыстан бірден шығарылды

/uploads/thumbnail/20180426134201029_small.jpg

Астана медициналық университетінің ректоры Мәжит Шайдаров IELTS сертификаттарына байланысты туған дауға қатысты түсініктеме берді.

«Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру деканымен келісімшартымыз дереу тоқтатылады. Ал бұл іске қатысы декан орынбасары мен бас маман өз еркілерімен шықты», - деді Шайдаров.

Сонымен қатар ректордың айтуынша, оқудан шығарылған студенттер университетке қайта тапсыра алады, алайда ақылы бөлімге.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адам ресурстары департаментінің директоры Айгүл Қаптағаева аталмыш оқиғаны тек университет үшін ғана емес, барлық оқу орнына сабақ болғанын ескертті.

«2017 жылы тамыз бен қыркүйекте тексеріс болды. Бұл фактілер анықталғанда біз өзіміздің ведомстволық ұйымдарымызға хабар бергенбіз. Барлық сертификаттар тексерілді. Ал жалған сертификаттар факті Астанадағы медициналық университетте ғана анықталды. Меніңше, дипломдарды тексеру шаралары болмайды. Өкінішке қарай, бұл үлкен материалдық, моральдық шығын әкеледі, оның үстіне тек университет емес, бүкіл саланың беделіне нұқсан келтіреді. Бұл оқиғаның салқыны жалпы салаға тиіп кетуі әбден мүмкін. Мұндай жағдайлар қайталанбас үшін түрлі шаралар қолданылатын болады», - деді Айгүл Қаптағаева,

Естеріңізге сала кетейік, былтыр күзде емтиханды өз күшімен тапсырғандар арызданып, бұл іс бойынша тексеріс жүргізілген еді. Соның нәтижесінде ағылшын тілі емтиханы бойынша 117 тіркелмеген сертификат анықталды. Магистратура немесе докторантураға түсемін дегендерге IELTS сертификаты емтихан кезінде басымдық береді. Сол себепті болар, былтыр көп адам бұл құжатты сатып алып, жарасын жеңілдеткісі келді. Алайда барлық сынақтан өз күшімен өткендер қалыптасқан жағдаймен келіспеді. Студенттер бұл мәселеге қоғам назарын барынша аударуға тырысты. Нәтижесінде Білім және ғылым министрлігі тексеріс жүргізіп, базада тіркелмеген 117 сертификат бар екендігін анықтады.

Қатысты Мақалалар