Алматыда «Макеттер сайысы»  атты іс-шара ұйымдас­тырылды

/uploads/thumbnail/20180426162353145_small.jpg

Әуезов ауданы №104 жалпы білім беретін мектепте «Рухани жаңғыру» аясында «Туған жер» бағдарламасын басшылыққа ала отырып, 5–10-сыныптар арасында «Макеттер сайысы»  атты іс-шара ұйымдас­тырылды. Мұнда оқушылардың туған жерге деген патриоттық сезімін ояту, Отанға адал қызмет ететін жасөспірімді тәрбиелеу басты бағыт болып отыр.

Еліміздің көркіне көрік беріп, әсем, зәулім сарайлардың өз нұсқа­сынан айнымайтын көшірмесі жасалғанын көріп, оқушылар мен ата-аналардың көңілдері бір марқайды. Ең бастысы, атамекенімізде орналасқан маңызы бар ғимараттар турасында оқушылармен кең ауқымды әңгіме жүргізіп, таныстырғаны болды. Көздің жауын алатын еңбектерге қазылар алқасының баға беруі өте қиын болды.

Жиында сөз алған мектеп басшысы Айза Мұхтарқұлова ата-аналар, ұстаздар, оқушылар қауымына риясыз алғысын білдіріп, шығармашылық табыс тілеп, білім ордасына жанашыр ата-аналарға алғыс білдірді. Оқушылардың қолынан шыққан туындылары мектептің дәлізіндегі көрмеге қойылатын болды. «Бұл макеттер  мектеп ғимаратына сән беретін сыйлық», – деп риза болды. Оқушылардың рухани, танымдық ой-өрісін кеңейтетін іс-шаралар қаламыздың барлық білім ордасында орын тауып жатса, нұр үстіне нұр болар еді.

Майгүл Оразақынқызы

Қатысты Мақалалар