Қуандық Бишімбаевтың аппеляциялық шағымын сот 16 мамырда қарайды

/uploads/thumbnail/20180122170332835_small.jpg

ҚР ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың аппеляциялық шағымын Астана қаласы сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасы 16 мамырда қарайды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Қылмыстық іс Астана қаласы сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасының қабылдауына сәйкес келеді. Сот отырысы 2018 жылдың 16 мамырына сағат 10:00-де басталады», - делінген сот алқасының судьясы Рамазановтың қолы қойылған құжатта.

Айта кетейік, 14 наурызда сот Бишімбаевты 10 жылға, ал оның бауыры Сұлтан Нұрлыбекті жеті жылға, қалған 21 сотталушыны төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Ал 17 сәуірде экс-министр сот үкіміне шағым түсіріп, өзіне қатысты үкімді заңсыз әрі негізсіз шығарылды деді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар