Трамп Ким Чен Ын мен Мун Чжэ Иннің кездесуін тарихи кездесу деп бағалды

/uploads/thumbnail/20180314101245050_small.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын мен Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Иннің кездесуін тарихи кездесу деп бағалады.

— Зымырандар мен ядролық сынақтардың зардабын көп шеккен жылдан кейін екі ел басшылары арасында тарихи кездесу өтіп жатыр.  Жақсы нәрсе жүріп жатыр, уақыт бәрін көрсетеді, - деп жазды Трамп Twitter-де.

Айта кетелік, бүгін  КХДР президенті мен Оңтүстік Корея президенті демаркациялық желіде кездесті. Ким Чен Ын шекарадан өтіп, оңтүстік аймаққа аттап басқан алғашқы КХДР президенті болды.

Қатысты Мақалалар