Шикі биліктің шікірасы

/uploads/thumbnail/20170708170643909_small.jpg

Біздің дәуіріміз мынадай парадоксымен тарихта қалады: шикі биліктің шікірасымен шикізат сатып, шіріген байлыққа ие болып, шікірейген алпауыттардың бәрі «шетінен қолынан жетелеп апарып түрмеге тығуға лайық» ұрылар болғанымен, оларға шет ел асып, ізі суығанша, тіпті суыған соң да, бізге қарсы ғайбат сөз айтып, суын ішкен құдығына түкірмесе - ешқандай сот жоқ, дәл бір соғыстың батырлары сияқты: неғұрлым көбірек жауды (кісіні) өлтірсең - соғұрлым даңқтысың. Ал бейбіт күнде бір адамның қанын мойнына жүктеген адам – қылмыскер. Ебін тауып, екі асап, жүз миллиондап жегендерге құрметпен, сүйсіне қараймыз, шелек жалап тұтылғандарды жек көріп, ең болмаса мүсіркейміз. Бұл біздің қаһарманға - қаһарман деп қарауды білсек те, әлі күнге дейін ұрыға - ұры деп қарап үйренбегеніміздің дәлелі. (Ұлықбек Есдәулеттің фейсбуктегі парақшасынан)

Қатысты Мақалалар