Бірнеше күн бойы әлеуметтік желіге сурет салып, елдің назарын өзіне аударған Баян Есентаева "Лашын" тобымен бірге Гоа жерінде жүр.

Сымбатты әрі сұлу қыздарын шет елге әкелген продюсердің жаңа клип түсіріп жатқан жәйі бар. Kesh you тобынан кейін өмірге келген "Лашын" триосы Үндістан жерін армансыз аралап, жергілікті халыққа қолтаңба беріп те үлгеріп жүр.

Әзірге топтың қандай әнге бейнеклип түсіріп жатқаны белгісіз. Бір анығы, Есентаева өзгеше, ешкімге ұқсамайтын жобаның дүниеге әкелмек. Үнемі жаңалық ашып жүретін Баян ханым бұл жолы ыстық елдімекенді таңдаған екен. Суреттерге мән беретін болсақ, "Лашын" тобының клипі жағажай мен тау- тастың арасында түсірілетін секілді.
Comode.kz