-Балам, телевизорды қоса қойшы... -Қазір, әке! «Кеше түнде белгісіз біреулер бір отбасын түгелдей өлтіріп, дүние-мүлкін тонап кетті» -Не боп кетті мына заман? Басқа арнаға аударшы...
«Тау жақтағы үлкен бір ғимаратты діни ағымдар өз мүддесін насихаттайтын орынға айналдырғанына он жылдың жүзі болыпты» -Құрып кетсін. Соны енді ғана білген бе бұлар?.. Аудар тағы! «Қала ішінде қару-жарақ сатумен айналысқан қылмыстық топ анықталды» -Аудара бер... «Жеке көлігімен алты адамды басып өткен мас жүргізуші ақталды!» -Міне, керек болса! -Аударайын ба? -Иә! «Көшеде жалғыз келе жатқан оқушы қызды соқталдай екі жігіт ұрлап әкетіп...» -Өшір тез. Өшір, балам! Қош бол, қызыққа толы Алматы! Ар ма, қылмысқа толы Алматы!!!