10 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысында экстремистік идеологияны насихаттайтын аудио және бейнежазбаларды таратқан сегіз азамат ұсталды. Күдіктілер 10 мамырда ОҚО ІІД мен ОҚО бойынша ҰҚКД қызметкерлерінің бірлесе отырып жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында ұсталған.
ОҚО ІІД-де ҚР ҚК «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Күдіктілерлің аты-жөні мен қай ауданда ұсталғаны жайында ақпарат берілген жоқ.
Пікір қалдыру