Қасиетті Рамазан айында Алматыдағы қоғамдық көліктер үш магистраль бойынша және вокзал бағытында сағат 00:00-ге дейін жүретін болады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚМДБ-ға сілтеме беріп.
17 мамырдан басталатын қасиетті Рамазан айында қаладағы барлық 49 мешітте тарауих намазы оқылады, ал 45 мешітте Құран Хатым шығарылады.
«Тарауих намазының түнгі 12-ге дейін созылуына байланысты әкімшіліктің ықпал етуімен 16 мамыр мен 14 маусым аралығында автобустардың кестесі өзгертілді. Сайн көшесі мен Достық даңғылы, Алматы-1 вокзалы мен Талғар тас жолына дейінгі 4 бағыттағы автобустар сағат 00:00-ге дейін жүретін болады. Сонымен қатар әр мешітте жамағаттың білімін жетілдіру мақсатында зияткерлік сайыстар өтеді. Ал орталық мешітте екінті мен бесін намазы аралығында «Умра кіші қажылығы кімге бұйырады?» атты байқау ұйымдастырылады», - деді ҚМДБ Алматыдағы өкілі Еркінбек Шоқаев.
Рамазан айында барлық мешіттерде қауіпсіздік күшейтіледі.
Пікір қалдыру