А.Мұхамедиұлы: Жалғыз Димаш емес, бізде таланттар көп

/uploads/thumbnail/20180515153016144_small.jpg

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы шетелде жүрген қазақстандық әртістер туралы пікір білдірді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі,Tengrinews.kz – ке сілтеме жасап.

«Димаш Құдайбергеновпен үлкен шоу жасау үшін бізге үлкен дайындық керек. Оның қазір жұлдызы жарқырап тұр. Канн кинофестиваліне де қатысты. Қазіргі мақсатымыз өзге таланттарға жол ашу. Жалғыз Димаш емес, бізде талантты әртістер көп», - деді министр журналистерге.

Сонымен қатар министр «шетелдік продюсерлер Димаштың арқасында қазақстандық әншілерді көп іздейді. Олар Димаштың жолы болса, басқа да талантты өнер иелері бар деп есептейді. Белгілі мәскеулік композиторлар қазақстандық орындаушыларға ән жазады, Jah Khalib-те шетелде өнер көрсетіп жүр»,-деп пікір білдірді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар