АҚШ президенті Дональд Трампқа тиесілі Флорида штатындағы гольф алаңында атыс болды. Әзірге бір күдікті ұсталды.
Дорал қаласы полициясының хабарлауынша, гольф алаңында атыс жұма күні болған. Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Ол қазіргі уақытта ауруханада жатыр, жағдайы белгісіз.
Оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Тұрғындарға да қауіп төніп тұрған жоқ.