Бүгін еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасы төмендейді

/uploads/thumbnail/20180520104405790_small.jpg

20 мамыр, жексенбі күнгі метеорологиялық жағдайлар Қазақстанның 4 қаласында атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына әсер етеді, деп хабарлайды  Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Казгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметтері бойынша, жайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтау, Атырау, Қарағанды, Шымкент қалаларында қалыптасуы мүмкін.

Қостанай қаласындағы метеожағдайлар атмосферада ауаны ластайтын заттардың ыдырауына ықпал етеді. ҚМЖ - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

 

 



Қатысты Мақалалар