Синоптиктер дүйсенбі, 21 мамырға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі, "Казгидромет" - ке сілтеме жасап.
"Казгидрометтің" хабарлауы бойынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның кей жерлерінде жауын-шашын жауады, найзағай мен желдің күшеюі күтіледі. Ал, оңтүстік пен шығыста тұман болуы ықтимал.
Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай, желдің күші секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, деп ескертті мамандар. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, шаңды дауыл, желдің күші 15-20, екпіні секундына 23 метрге дейін соғады.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метр, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түседі. Батыс Қазақстан, Ақтобе облыстарының кейбір аймақтарында найзағай ойнайды. Ал, Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, күндіз секундына 15-20 метр жел соғуы мүмкін.