Танымал «Келін» телехикаясының жұлдызымен кездесу үшін «Хан шатырға» 23 мыңнан астам адам жиналды

/uploads/thumbnail/20170708171106887_small.jpg

«Қазақстан» телеарнасында көрсетілетін «Келін» үнді телехикаясының басты рөлдерінің бірі, Шива рөлін сомдаушы (басты рөлдердің бірі - Анандидің күйеуі) Сидхарт Шукхла 27 ақпан - 2  наурыз аралығында Астана қаласына келді. Сидхарт Астанаға анасымен келді. Ритой Шухла сонымен қоса  Сидхардтың агенті болып табылады.

Астана халықаралық әуежайында Сидхартты «Қазақстан» телеарнасының танымал жүргізушілері Нұрлан Қоянбаев, Ләйлә Сұлтанқызы қарсы алды.

Өзінің суреттері мен баспасөз беттерінде жарық көрген мақалаларын көріп, қазақстандықтардың арасында аса танымал екеніне шын көңілден таң қалғанын жасырмады.

Сидхарттың айтуынша, Мумбаидан шыққанда ауа температурасы +30 градус болған екен. Астанада біраз тоңғанын жасырмады. Соған қарамастан, қазақ халқының қонақжайлығы даладағы аязды қолмен жұлып алғандай. Сонымен қоса, елорданың зәулім ғимараттары мен қалың қарлары Сидхартқа ерекше әсер еткен көрінеді. Себебі, ол қыс мезгілінде шаңғы спортымен айналысқанды ұнататынын жасырмады.

unnamed

28 ақпан, сенбі күні, сағат 15.00-де «Хан шатыр» сауда-ойын сауықтыру орталығында актер көрермендермен кездесіп, афтограф-сессия өткізді. Актермен кездесуге «Хан шатырға» 23 мыңнан астам адам келді.

Сидхарт Шукхла Мумбайда дүниеге келген. 34 жаста. 2008 жылдан бері актер шеберлігін шыңдап келеді. Бұдан бұрын сән бизнесінде қызмет атқарған. Сыртқы келбеті, бойы (188 см.) да бұл қызметке сай келеді. «Жұлдыздармен би билеу» шоуына қатысқан. Үстел теннисімен және футболмен шұғылданады. 2013 жылы Үндінің Телевизия Академиясы Сидхартқа «Жыл әртісі» атағын берген болатын. Сол жылы жыл сайынғы «Zee Gold Awards» ТВ сыйлығының нұсқасы бойынша ол ең «денелі» актер атанды. Үндінің «Stardust» кино туралы журналы 2014 жылы оны киноиндустрияд  ағы «Үміт күтетін жас актерлердің бірі» деп бағалаған болатын. Ал Үндінің жыл сайынғы «Filmfare Awards» киносыйлығы үнді тілінде түсірілген фильмдердегі жетістіктері үшін Сидхартты «Ерлер дебюті-2015» сыйлығына ұсынды. Қазіргі уақытта Сидхарт үндінің белгілі продюсері Каран Джохармен үш фильмге түсу үшін шартқа қол қойды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар