Қазақ хандығы туралы сериалға кастинг жарияланды

/uploads/thumbnail/20170708171130756_small.jpg

Шәкен  Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Қазақ хандығы" атты тарихи-драмалық телевизиялық сериалдың түсіріліміне қатысуға кастинг жариялайды.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлайды.

Кастингке сыртқы келбеті азиялық типке жататын, спорттық дене бітімі бар, бойы 170 см кем емес, 17 және 45 жас аралығындағы ер адамдар қатыса алады.

Сонымен қатар сериал түсіріліміне 17 мен 60 жас аралығындағы ер және әйел адамдар қажет. Үміткерлердің актерлік жұмыс тәжірибесі болғаны абзал, сондай-ақ, кастингтің міндетті шарты - қазақ тілін меңгеріп, атпен салт жүре білулері қажет.

Іріктеуге қатысам деушілер өз фотосуреттері мен сауалнамаларын kaz.hanstvo@mail.ru электрондық поштасына жібере алады.

BAQ.KZ

Қатысты Мақалалар