Қарақат 8 наурызда алған ерекше сыйы туралы айтты

/uploads/thumbnail/20170708171135679_small.jpg

Әнші Қарақат Әбілдина 8 наурыз мерекесінде гүлге шомылып оянғанын айтты.

"Бірде, 8 наурыздың таңында тура мағынада мен гүлге шомылып ояндым. Ұйықтап жатқан кезімде көрпем ап-ауыр болып кетті. Көзімді ашсам, алдымда үлкен-үлкен раушан гүлдері. Айналама қарасам, бүкіл үй гүлге толы. Жарым жүз бір раушан гүлін сыйлаған болатын. Ол күнді мен еш уақытта ұмытпаймын, ол деген керемет", - деп ағынан жарылды әнші.

Сонымен қатар,әнші өзінің ұлдарынан ерекше сыйлық күтетінін де жасырмаған.

Еске сала кетейік, Қарақат Әбілдина жары Қыдырәлі Болмановпен бірге 4 ұл тәрбиелеп отыр. Bnews.kz

Қатысты Мақалалар