Алматы облысында жолаушылар автобусы өртенді

/uploads/thumbnail/20180523130630971_small.jpg

Алматы — Астана трассасында Жезқазған — Алматы бағытында қатынайтын жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.  

Оқиға 22 мамыр күні сағат 22.00-де Алматы тасжолының 56-километрінде Чапаев ауылының маңында болған.

Автобуст өрт

"Жезқазған — Алматы бағытында коммерциялық рейс орындайтын VANHOOL маркалы (м/н 979 TDA 09) автобус өртенді", - делінген Төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.

Өрт сағат 23.10-да сөндірілді. Автобус салонында сегіз адам болған, олар өздері шыққан. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.  

 

Қатысты Мақалалар