«Сырғалым» телехикаясының жалғасы бүгіннен бастап көрсетіледі

/uploads/thumbnail/20170708171148863_small.jpg

Бүгін, 3-наурыз күні, көрерменнің көзайымына айналған «Сырғалым» сериалының жалғасы «Қазақстан» телеарнасынан көрсетіле бастайды. «Сырғалым» –  Ол әкесінің ескі досының қызын өз отбасыларына қабылдаған заманауи қазақ отбасының өмірі туралы сыр шертеді. Негізгі әрекет банк кеңсесінде өрбиді: бас кейіпкер, бір жағынан, мансабына жету үшін еңбек жолын бастаса, екінші жағынан, отбасын сақтап қалуға бар күш жігерін салады.

Бас кейіпкердің рөлін актриса Жұлдыз Маханова сомдайды. Сюжетке сәйкес көрермендер телехикаяның келесі бөлімдерінде театр және кино актерлері Лидия Каденова, Сәкен Рақышевтар сомдаған жаңа кейіпкерлермен танысады, шытырман сюжетке тән арам ойлар, күрделі жеке тұлғалық қатынастар мен құпиялар осы телехикаяда тоғысқан.

Қоюшы-режиссері, сценарий авторы Рашид Сүлейменов «Сырғалым» телехикаясын жасаушылар идеология факторына көп мән бергенін атап өтті.

Телехикаяда табиғатта түсіру болжанбағанымен, бұл факт оның тартымдылығына әсер етпейді. Екінші маусымда 1000 кв.м. ауданда орналасқан тәуелсіз Қазақстанның сериал тарихындағы ең қымбат декорациялар пайдаланылды. Бірінші маусымды тамашалаған көрермендер екінші маусымнан таныс павильонды көре алмайды. Барлық декорациялар қайтадан жасалды.

Телехикая орыс тіліндегі ілеспелі жүгіртпе жолдар арқылы қазақ тілді және орыс тілді аудиотрияға да тең дәрежеде қолжетімді болады.

2014 жылдың басында көрсетілген «Сырғалым»телехикаясының бірінші бөлімі күн сайын миллионға жуық көрермендер аудиториясын жинаған болатын. Теленовелла республика тарихында талап етілген телехикаялардың тізіміне енді. Алғаш рет қазақ тіліндегі өнім орыс тіліндегі рейтингтік телехикаялар мен бағдарламаларға бәсекелес бола алды. Өткен маусымдағы 48 сериялық «Сырғалым» қазақстандық телевизиядағы елеулі оқиға болды.

Телехикая «2014 жылғы үздік телехикая» номинациясын иеленсе, бас рөлді сомдаған актриса Жұлдыз Маханова «2014 жылғы Үздік актриса» атанды.

«Сырғалым» телехикаясының екінші маусымы «Қазақстан» телеарнасының эфирінен 3-наурыз күні сағат 21.50-де көрсетіле бастайды.

Қатысты Мақалалар