Алматыда жаңа тағайындаулар болды

/uploads/thumbnail/20180525004523933_small.jpg
Алматының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жаңа басшысы тағайындалды.

Алматы қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жаңа басшысы болып Талғат Хосчанов тағайындалды. Соңғы екі жылда ол осы мекеме басшысының орынбасары болған.

Басқарманың жаңа басшысы үшін қала жолдарын барынша сапалы әрі дер кезінде жөндеу кезек күттірмейтін міндет болып табылады. Соңғы жылдары мегаполисте 180 км жол және 700 км инженерлік желі салынды және жөнделді. Биылғы жылы ұзындығы 155 км болатын 157 көшені жөндеу жоспарланған, бірнеше жолайрықтары салынып, магистралды көшелер үңгіленуде.

«Қала жүргінші үшін» қағидасы аясында ұзындығы 30 шақырымнан асатын жаңа тротуарлар салынуда және жөнделуде. Өз кезегінде Бауыржан Байбек басқарманың жаңа басшысына барлық 157 көшені жөндеу кезінде жүргінші жолдарын талапқа сай жаңарту қажеттігін тапсырды. Бұлардан өзге, жүргінші қозғалысын қиындататын тротуарлардағы түрлі құрылыстар зерттеледі.

Алматы әкімі қаланың көлік жүйесін одан әрі модернизациялау бойынша нақтылы тапсырмалар берді. Өткен жылы қаланың автобус паркі 30%-ға жаңарды. Жеке тасымалдаушылар есебінен биылғы жылы тағы 600 жаңа автобус алу жоспарланған, ол қаланың автобус паркін 70%-ға дейін жаңартуға мүмкіндік береді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар