Алматы қаласының Энергетика және коммуналды шарушылық басқармасының жаңа басшысы болып бұрындары Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасын басқарған Мақсұт Исахов тағайындалды.
Мегаполисте соңғы жылдары 800 км инженерлік жүйелер салынды және жөнделді, соның ішінде 313 км су құбыры, 266 км кәріз құбыры, 150 км электр беру желісі және 32,3 км жылу желісі.
Алматы әкімі жаңа басшы алдына қаланың инженерлік желілерін алдағы уақытта жөндеу бойынша бірқатар нақтылы міндеттер қойды. Ең алдымен, қазылған жолдарды дер кезінде әрі сапалы қалпына келтіруге айрықша назар аудару қажет. Жөндеу жұмыстарына қармастан қала тұрғындарын ыстық сумен үздіксіз қамтамасыз етіп, уақытшы сызбаны ұйымдастырған жөн.
Бауыржан Байбек бұрын жөндеуден өткен учаскелерді тексеріп шығуды, оларды қалпына келтіруді кепілдік міндеттеме аясында мердігерлердің жүзеге асыруы тиіс екенін тапсырды.
Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасына көше жарығын салу және жөндеу жұмыстарын одан әрі жалғастыру, сонымен қатар ведомстволық бағынышты «АлТС», «Алматы СУ», «Алматы Жылукоммунэнерго» және басқа кәсіпорындардың жұмыс тиімділігін арттыру тапсырылды.
Бұрындары Алматы әкімі қаланың инженерлік желілерін жөндеу және 12 км жылу жүйесін модернизациялау бойынша кеңейтілген кеңес өткізген болатын.Көп объектілерде жөндеу жұмыстарын шілденің соңында аяқтау жоспарланған. Барынша күрделі және ұзын учаскелер тамыз айында іске қосылады. Жұмыс барысында жөнделген маңай толық абттандырылады.
Әр учаске бойынша нақтылы жұмыс кестесі жасалған, техника мен жұмысшылар саны белгіленген. Барлық объектілерде мердігерлік ұйым туралы ақпарат жазылған паспорт орнатылып, тиісті жол белгілері, қоршаулар және жүргіншілер үшін өтпелі жолдар болады.
Пікір қалдыру