Алматы әкімі Бауыржан Байбек Италия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Паскуале Д’Авиномен кездесті. Тараптар сауда –экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстар, сонымен қатар туризм саласында тәжірбие алмасу мәселеллерін талқылады.
Кездесу барысында Бауыржан Байбек Италияның Европа Одағы елдері арасында Қазақстанның алғашқы сауда серіктесі болғанын атап өтті. Екі ел арасында орныққан дипломатиялық қатынастардың 35 жылы ішінде барлық спектрлер бағытттары бойынша серіктестік байланыс қалыптасты.
Паскуале Д’Авино өзінің сөзінде екіжақты байланыста туризм саласының әлеуеті жоғары екенін айтты.
«Біздің туристеріміз Орта Азияға қызығады. Алматыда барлық инфрақұрылым бар әрі сервис те жоғары, өңірді зерттеуді дәл осы жерден бастау қажет», - деп атап өтті Италия Елшісі.
Қазіргі кезде қалада құрылыс, ІТ, фрамацевтика және басқа салаларда итальяндық капиталдың қатысуымен 70 кәсіпорын жұмыс істейді. Биылғы жылы Алматыда MACPRESSE Europa S.R.L. компаниясының технологиясы бойынша қоқыс сұрыптайтын кешенді іске қосу жоспарланған.
Соңғы жылы Алматы мен Италия арасындағы тауар айналымы 5,3%-ға өсіп, 302,2 млн. АҚШ долларын құрады.
Алматы қаласы мен Италия мемлекетінің арасындағы әріптестік жоғары деңгейге дауге болады. Қазіргі таңда алып шаһарда 69 біріккен және 57 италияндық капиталды арқалаған кәсіпорындар тіркелген.
Жалпы, алғанда Қазақстан мен Италия арасындағы экономикалық ынтымақтастық та қарқындылығымен ерекшеленеді. Бұл ретте Италия Қазақстанның сауда әріптесі ретіндегі Қытайдан кейінгі екінші мемлекет.
25 жылда Италия республикасы еліміз үшін басты инвесторлардың біріне айналды және ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі. Италиялықтар Қазақстанмен жаңа сала – жасыл технологиялар саласында ынтымақтастық орнату үшін Астанада "Экспо-2017" көрмесіне қатысу мүмкіндігін пайдаланды.
Италия Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға мүдделі. Италиялық бизнес Қазақстанды тұрақтылығы үшін бағалайды және елімізді перспективалы деп есептейді. Италияда біздің еліміз туралы болашағы зор мемлекет деп айтады.
Қазақстан мен Италия арасындағы сауда айналымы 2016 жылы 11 миллиард долларды құраса, 2017 жылы 10 миллиард долларды құраған.
Пікір қалдыру