Алматы әкімі Бауыржан Байбек Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесті. Тараптар сауда – экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстар, сонымен қатар туризм саласында тәжірбие алмасу мәселеллерін талқылады.
Мегаполис басшысы Алматы мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымының оң динамикасын атап өтті, 2017 жылы бұрнағы жылмен салыстырғанда 16,7%-ға артып, 276,4 млн. АҚШ долларын құраған. Қазіргі кезде қалада Өзбекстан капиталымен 530 кәсіпорын жұмыс істейді.
Өз кезегінде көрші мемлекеттің Елшісі аталған цифрлардың екі ел арасындағы сенім мен іскерлік қатынастың жоғары деңгейін көрсететінін атап өтті.
«Алматы – бизнестің қаласы, инновация осы жерден бүкіл елге тарайды. Біздің кәсіпкерлеріміз мегаполистегі жобаларға үлкен қызығушылық білдіруде. Қазақстанда 2018 жылы Өзбекстан жылы деп жарияланған, бұл тек мәдени алмасу ғана емес, экономикалық байланыстардың одан әрі нығаюына да ықпал етеді», - деді Саидикрам Ниязходжаев.
Еске салсақ, 2017 жылы наурыз айында Өзбекстен Республикасының президенті Шавкаи Мирзеевтың Қазақстанға алғашқы сапары аясында Наурыз мерекесінің қарсаңында жаңа тұрпаттағы кең кузовты «Тұлпар-Тальго» вагондарынан тұратын № 1/2 «Алматы-Ташкент» жүрдек пойызының жолға шыққан болатын.
Ал, биыл 12 сәуірден бастап Ташкент пен Алматы арасында халықаралық жолаушылар автобусы қатынай бастады.
Алматы әкімі Бауыржан Байбектің Өзбекстан тарабымен қатынасының басы бұл емес. Алматы мен Ташкент сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін 2016 жылы Алматы әкімі Бауыржан Байбек Ташкент қаласының хәкімі Рахмонбек Усмановпен кездесуінде де талқылаған.
Пікір қалдыру