2015 жылдың сайлауы не береді? Біріншіден, саяси мәдениет нығая түседі, Конституциялық нормаларды ұстану принципі бекиді. Осы пікірталастың барысында елде сайлау емес, референдум өткізу туралы да ұсынылған болатын. 2011 жылы референдумда 2 миллионнан астам дауыс жиналғанын айта кетейін. Бірақ мемлекет басшысы, президент және Конституция кепілі ретінде екі модельдің ішінен сайлауды таңдады және президенттік сайлаудың мерзімін жария етті Елдегі партиялардың бойынан қан жүгіріп, белсене түседі. Саяси ұстанымдары мен технологияларын, жаңа құралдарды дамытады. Сарапшылардың көбі қазір саяси-партиялық өрісін жаңарту керектігін айтуда. Менің ойымша, егер партиялардың дені күтіліп отырғандай, мемлекет басшысының кандидатурасын қолдайтын болса, елбасының ұстанған бағытын қолдау бойынша өздерінің бағдарламаларын ұсынулары тиіс Ерлан Қарин, "ҚазАқпаратқа" берген сұхбатынан
Пікір қалдыру