«Алматытелеком» ӨТД-да үстел теннисінен турнир өтті

/uploads/thumbnail/20180528142551454_small.jpg

«Алматытелеком» ӨТД-да үстел теннисінен турнир өтті.

«Алматытелеком» ӨТД Алма­ты қаласы мен  Алматы облысы қызметкерлері арасында үстел теннисінен жарыс ұйымдастырды. 

Жарысқа «Алматытелеком» ӨТД-дан ерлер мен әйелдер арасынан барлығы 34    қызметкер қатысып, филиалдың ең үздік ойыншысы атағына таласты.

– Мұндай ойындар қызмет­керлердің спортпен шыныға түсіп, салауатты өмір салтын ұстануына көп ықпалын тигізеді. Ойын барысында біздің қызметкерлер энергияға толы күш-қуатын көрсете отырып, жылдам әрі күшті болуға ұмтылады, – деп атап өтті өз сөзінде «Алматы­телеком» ӨТД Бас  директоры Шерхан Разды­қов.

Жарыс достық қарым-қаты­наста өткізілді. Жарысқа қатысу­шылар әрбір  ұпай үшін бақ сынасты.  Тартысты ойын нәти­жесі бойынша орындар төмен­дегідей бөлінді.

Еерлер арасында бірінші орында электрмеханик Бауыржан Сейтенов, екінші орында өңірлік сату орталығының қызметкері Абылай Әшірбай, үшінші орын Еңбекшіқазақ желілік техника­лық цехының қызметкері Семсер­бек Хауанға бұйырды.

Әйелдер арасында 1-орында Энергетика және климатехника орталығының аға электрмеханигі Күлзайда Сәрсембекова, 2-орын­ды корпоративтік сату орталы­ғының бөлім басшысы Ғалия Аюпова жеңіп алды.  3-орынға Қапшағай ЖТЦ қызметкері Динара Қалдыбаева орнықты.

Барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен марапаттарға ие болды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар