Алматы қаласы Бостандық ауданында жоспарлы сейсможаттығу болып өтті

/uploads/thumbnail/20180528145112181_small.jpg

Бостандық ауданында жоспарлы сейсможаттығу болып өтті. Оған Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғау қызметтері, денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.

Таңғы сағат 9.30-да патрульдік поли­ция автокөлігінің дауыс үдеткішімен «Назар аударыңыздар!» деген хабар берілді. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің айтуынша, осы хабарламаны естіген кез-келген адам сол сәтте тұрған жеріндегі жарықты, көгілдір отынды және суды өшіруі тиіс. Содан кейін бұрыннан дайын тұрған, ішіне ауадай қажетті заттар, құжаттар және азық-түлік салынған сөмкені алып сыртқа шығу керек. Сосын айна­лаға бей-жай қарамай, жасы үлкен кісілерге, сырқат жандарға көмектескен абзал. Төтенше жағдайда шарасыздық танытпай, неғұрлым сергек болып, ашық алаңқайды қолайлау керек.

Қала әкімі тұрғындардың осындай төтенше жағдайларға үнемі дайын болуы үшін ақпараттық-түсіндіру қағаздарын барлық тұрғын үйлерге, ғимараттарға тарату жұмыстарын күшейтуді тапсырған болатын. Шаһар басшысы әсіресе, балалар мен жастар арасында түсіндіру іс-шараларын нығайтуды міндеттеді.

Кезекті сейсможаттығу кезінде қалалық құтқару қызметінің көмегімен №93 жалпы білім беретін мектептің алаңына жылжы­малы медициналық қосын және азық-түлік, киім-кешектермен жабдықталған шатыр құрылды.

Мұндай жаттығулар шаһарда айына бір рет өтіп тұрады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар