Еліміздің жеті облысында дабылды ескерту жарияланды

/uploads/thumbnail/20180522154545306_small.jpg

Қазгидромет еліміздің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік өңірлерінде сәрсенбі күніне дабылды ескерту жариялады.

Қостанай облысында 30 мамырда кей жерлерде күн күркірейді, дауыл соғып, бұршақ түсуі ықтимал, желдің екпіні 15-20 м/с. Түнде кей жерлерде екі градус үсік жүреді. Дауылдың ықтималдығы 90-95%.

Жамбыл облысында 30 мамырда желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с, ұйытқуы 23-28 м/с, оңтүстік-батыста 30 м/с асады. Күндіз кей жерлерде күн күркіреп, дауыл соғады, бұршақ жаууы ықимал. Таразда 30 мамырда жел соғады 15-20 м/с, ұйытқуы 23-28 м/с.

30 мамырда Қарағанды облысында желдің екпіні 15-20 м/с, ұйытқуы 23-28 м/с, кейде 30 м/с жетеді. Кей жерлерде күн күркірейді, дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал.

Қызылорда облысында 30 мамырда желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, ұйытқуы 30 м/с жетеді. Кей жерлерде дауыл, құйын соғуы мүмкін.

 

Шығыс Қазақстан облысында 30 мамырда түнде желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, ұйытқуы 30 м/с жетеді. Кей жерлерде күн күркірейді, дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал. Өскеменде желдің екпіні 17-22 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында 30 мамырда түнде жел, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, кей жерлерде ұйытқуы 23-28 м/с. Түнде кей жерлерде жауын-шашын түседі, күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады. Кей жерлерде күн күркіреп, дауыл соғып, бұршақ түсуі мүмкін. Түнде кей жерлерде үш градус үсік жүреді. Петропавлда  30 мамырда солтүстік желдің екпіні 15-20 м/с, ұйытқуы 25 м\с. Түнде үш градус үсік жүреді.

Ақмола облысында 30 мамырда жел, түнде кей жерлерде екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, ұйытқуы 23-28 м/с. Кей жерлерде нөсер жауып, күн күркірейді, бұршақ түсуі мүмкін. Астанада  30 мамырда желдің екпіні 15-20 м/с,  ұйытқуы 23 м/с. Таңертең және күндіз күн күркірейді, бұршақ түсуі мүмкін.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар