Оқшау ел Солтүстік Кореяның президенті Ким Чен Ын Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Ядролық қарудың түрлі сынақтарымен Әлемді елеңдеткен Солтүстік Кореяның президенті Ким Чен Ын осымен үшінші шетелдік шендімен кездесу жасады. Ол бұған дейін Оңтүстік Корея президентімен 2 рет бейбіт аймақта кездессе, наурызда және мамырда Қытайға келіп кеткен.
КХДР басшысымен Лавровтың кездесуі Пхеньянда болған. Лавровтың айтуынша КХДР-дан санкцияларды толықтай алып тастау шешілмейтін проблема емес.
#Лавров во время встречи с Председателем Госсовета КНДР Ким Чен Ыном: Заинтересованы в том, чтобы как на Корейском полуострове, так и в целом в Северо-Восточной Азии была обстановка мира, стабильности и процветанияhttps://t.co/tkYW32AVju pic.twitter.com/5WNZB7pkI9
— МИД России ?? (@MID_RF) May 31, 2018
Айта кетсек, Корей түбегі дағдарысы мәселесін оң шешілуі мүмкін. Саяси сарапшылар осы тұрғыда 12 маусымда Сингапурде өтетін Трамп пен Ким Чен Ын кездесуінен көп үміт күтеді.