Адамдар горилла мен Homo sapiens-тің ДНҚ-нан пайда болды - АҚШ сарапшылары

/uploads/thumbnail/20180601104054593_small.jpg

Зерттеушілер адамдарда ғана кездесіп, үлкен миды дамуында маңызды рөл атқаратын үш генді тапты. АҚШ сарапшылары адамдар горилла мен Homo sapiens нәсілінің ерекше ДНҚ сегменттерінің ерекше нәтижесінде пайда болды деп топшылауда. Зерттеу нәтижелері Cell басылымында жарияланды. Бұл жайында VladTime.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сант-Крузедегі Калифорния университетінің ғалымдарының ойынша, бұл гендер 4 млн жыл бұрын пайда болуы мүмкін, бұл адамдардың үлкен миының дамуына дейінгі кезең болып есептеледі.

Notch отбасынан анықталған гендер ми клеткалары арасындағы сигналдарды беру және эмбрион деңгейіндегі тіндердің пайда болуына жауап береді.

Ғалымдар ең алдымен бұл гендерді жеміс шыбындарынан тапқан, оларда мутацияланудың нәтижесінде қанаттарының дамуында кемшіліктер пайда бола бастаған.

Американдық ғалымдар табылған геннің NOTCH2 геніне өте ұқсас екенін мәлімдеді.

NOTCH2 гені жасуша мембранасына батырылған белок рецепторларын кодтаумен сипатталады. Белсенді жасуша бөлігі бөлек мемдраналық лиганттарға қосылуға байланысты бөлінеді.

Шимпанзе мен гориллаға NOTCH2 генінің көшірмелері ешқандай әсер етпеген, ал Homo sapiens нәсілінде бұл ген геномның бір бөлігіне көшірілді. Бұл ДНҚ-ның төменгі бөлігінің функционалды болуына алып келді.

Кейіннен ол NOTCH2NL деп аталатын нұсқа пайда болғанша төрт рет көшірілген.

Бұл топтың үш гені нейрондық  бағаналы жасушалардың дифференцеленуін және мидың ми қыртысының дамуын қамтамасыз етеді. Егер осы гендерде мутация пайда болса, онда қазіргі адамдар ауып неврологиялық бұзылулардан зардап шегуі мүмкін.

Қатысты Мақалалар