Өзбекстан билігі мемлекеттік баж салығын өндіріп алуға және шетелдік валютадағы салықтан тыс төлемдерді өндіруге қатысты заң жобасына өзгертулер енгізді. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі Nuz.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Атап айтқанда, шетел Өзбекстанға келген әрбір шетел азаматтары мен сол елдің азаматтығы жоқ тұлғалар 30 күнге дейін уақытша тіркеуге тұрғанша әр күніне салық төлейді. Салық мөлшері Өзбекстандағы айлық есептік көрсеткіштің 2 пайызын, яғни 3445 сомды құрайды. Бұл уақытқа дейін уақытша тіркеуге тұру құны 20 доллар еді, Өзбекстанға келген шетел азаматтары немесе сол елдің азаматтығы жоқ тұлғалар қанша уақыт тұрса да 20 доллар төлеуге міндеттелетін.
Айта кетейік, заңнамадағы бұл өзгерістер ТМД елдерінің азаматтарына да қатысты. Ендігі кезекте ТМД елдерінің азаматтары 30 күнге дейін уақытша тіркеуге тұрғанша күніне 3445 сом төлеуге міндеттеледі. Осы уақытқа дейін олар 3 күннен 6 айға дейін уақытша тіркеуге тұру үшін 5 доллар төлейтін.
Комитет өкілдерінің айтуынша, Өзбекстанға келетін ТМД елдері азаматтарының көпшілігі бір апта немесе он күнге туыстары мен жақындарын көруге келеді екен.