Несін айтасың, мықты халықпыз ғой: Келімсіктерді төрге отырғызып, босағада малай боп жүргенге мәзбіз, өз жерімізде онымыз отырып, араға бір орыс енсе, соның тілінде шүлдірлей жөнелуге дайынбыз. Зауыд түтінінен балаларымыз аурып тұншыққанда себебін зауыдтан не жауапты шенеуніктен емес, басқадан көруге әуезбіз. Жемқорлықтан қор болғанымызды аңғарсақ та, түбі сол жемқорға барып бас иеміз. Әкімдердің озбырлығы мен арамдығын көре тұра, ұрпағымыздың әкім болуын армандаймыз. Белшемі
зден қарызға бату түк емес, бастысы - той өткізіп көршіден асып тусуге құмармыз. Екі ортада елді ақылға шақырып, жөнге салғанды мінейміз рахаттана. Iштей жек корсек те, ауызша бастықты мадақтауда түбін түсіреміз. Сондағысы - “Мен Қазақпын” деп кеудені қаққанда, алдыға жан салмаймыз. Сосын тығырыққа тірелгенде, күйінеміз де жылаймыз. Жылаймыз да үйреншікті күйге қайта көшеміз. Вобщым, мо-ощни халықпыз.(Расул Жұмалының фейсбуктегі парақшасынан)