Министр Біртанов менингитке қарсы вакцина бағасын арзандатуға уәде берді

/uploads/thumbnail/20180313150601391_small.jpg

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов менингококк инфекциясына қарсы вакцина бағасын арзандату бойынша жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайдыQamshy.kz ақпарат агенттігі.

Осыған дейін премьер-министр Сағынтаев вакцина бағасының қымбат екендігін айтып, министрліктің жұмысын сынаған болатын.

Кей өңірлерде екпе 20 мың теңгеден сатылса, кейбірінде 40 мың теңгеге сатылып жатыр. Өз кезегінде премьер-министр бұл мәселені шешуді тапсырды.

"Бұл мәселе бар. Фармация комитеті дәрі-дәрмек бағасын тұрақтандыру үшін, өңірлермен жұмыс жасай бастады. Менің ойымша, екпенің бағасына арзандатуға мүмкіндік бар. Премьер-министр бізге және жергілікті атқарушы органдарға бағасын арзандату туралы тапсырма берді. Жұмыс жасайтын боламыз", – дейді Біртанов.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда жыл басталғалы 13 адам көз жұмды. Олардың алтауы 14 жасқа толмаған балалар. Ал инфекциядан көз жұмғандардың көбі Алматыда.

Қатысты Мақалалар