Биыл Семей шаһарында қуанышқа толы 9-мамыр Жеңіс күнің жоғары дәрежеде атап өту үшін көптеген әскери парадтар, флешмобтар,«Мәңгілік Даңқ» шеруі мен мен соғыста қаза тапқан майдангерлерге арналған ескерткіштерге гүл шоқтарын қою сияқты айтулы іс-шаралар өткізілген болатын.
Ал, кеше кешкісін орталық алаңда таңертеңнен бастап дүркіретіп тойланып жатқан жеңіс мейрамы «Ұлы жеңіс күні құтты болсын» атты концерттік бағдарламамен аяқталды.
Мерекені қарсы алуға келген барша шаһар тұрғындарына Әміре Қашаубаев атындағы Семей мемлекеттік филармониясының өнер иелері, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының сарбаздары, қалалық мәдениет сарайының әншілері және де өзгеде өнерпаздар соғыс жылдарындағы әндерді шырқап, көпшілік қауымның ыстық ықыласына бөленді.
Шығыстың қос шынары «Верните память» әнін орындағанда отты жылдарды еске алған талай ардагерлеріміздің көздеріне жас үйірілді.
Сондай-ақ сағат 22:00-де меркелік отшашу аспанға атылып және Семейлік диджейлердің қатысуымен жастарға арналған би кеші ұйымдастырылды.