Бүгін бүкіл ТМД елдері үшін ерекше күн болып саналады. Себебі осыдан 73 жыл бұрын адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталып, 9 мамыр күні көптеген мемлекеттерде Жеңіс мерекесі күні болып белгіленіп, кең көлемде тойлана бастады. Қазір Қазақстанның әр түкпірінде қуанышқа толы бұл мейрамды жоғары дәрежеде атап өту үшін көптеген әскери парадтар және де «Мәңгілік полк» ақциясы сияқты бірқатар іс-шаралар толассыз өткізілуде.
Семей шаһарында да Жеңіс мерекесіне арналған мерекелік шаралар көптеп ұйымдастырылуда. Таңертең ерте қала әкімі Ермак Сәлімов пен бір топ әскери салада абыройлы қызмет атқарып жүрген азаматтар мен елімізді қорғайтын болашақ сарбаздар арнайы Жеңіс саябағында орналасқан «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойып, соғыста қаза тапқан барлық ардагерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Шыны керек саябаққа жиналған қала халқының қарасы көп болды. Майданға қатысқан майдангерлерімізде отты жылдардағы естеліктерімен бөлісіп, жастарды ешбір қиындықтарға мойымай, төзе білуге, қырағы болуға шақырды.
Мерекені қарсы алуға келген барша шаһар тұрғындарына қалалық Достық үйінің «Айша –бибі» ұлттық-мәдени орталығының ақ жаулықты әжелері мен қаламыздағы өзге де өнерпаздар соғыс жылдарындағы әндерді шырқады.
Пікір қалдыру