Алматы ІІД қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровпен болған оқиғаға қатысты пікір білдірді.
«Оқиға Алматы қаласы Алмалы ауданында 25 мамырда болды. Қару қолданылған жанжал нәтижесінде ешкім зардап шекпеген. Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-тармағы «Қаруды қолданумен бұзақылық» бойынша сот алды тергеу жүргізуді бастады», - деді Салтанат Әзірбек.
Бүгін Youtube-те боксшы Жанқош Тұраров бір топ жігітпен төбелесіп жатқан видео тарады.
Кадрда Жанқош Тұраровтың белгісіз ер адаммен ерегесіп тұрғанын байқауға болады. Қарсыласы көп сөзге келмей, боксшыны тапаншамен атып жібереді. Осыдан кейін бір топ адам бір-бірімен төбелесіп кетеді.
Пікір қалдыру