Астанадағы дүрбелең: Дөкейлерден тағы кім ұсталды?

/uploads/thumbnail/20180607030508177_small.jpg

Белгілі саясаттанушылар мен қоғам белсенділері Астанадағы ірі шенділердің жаппай ұсталып жатқанын талқылауда, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бірақ нақты ресми мәліметтер жоқ. "Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайтынын" ескерсек, қоғам белсенділерінің желідегі жазбаларынан көпті елең еткізер оқиғалардың шетін көруге болады. 

"Ресми емес мәліметтер бойынша Астанада республикалық деңгейдегі бірқатар жоғары шенділер жаппай тұтқындалып жатыр. Кейбір министрлер өз еркімен лауазымдарын босатуға дайындалып отырғаны да жасырын емес. Алайда Президент жұмыс бабымен Қытайға ұшып кетті. Бірақ ол бұйрықтарға елде жүрген кезінде қол қоюы мүмкін. Нақты ақпараттар кейінірек белгілі болады", - деді саясаттанушы Талғат Қалиев өзінің Телеграм парақшасында. 

Сонымен қатар экс-дипломат, блогер Қазбек Бейсебаев: "Бүгін квазимемлекеттік сектордың ірі көшбасшылары ұсталды деген сыбыс шықты. Олардың қатарында компаниялар мен холдингтер, мемлекетке қатысты түрлі компаниялар мен кәсіпорындар бар. Бұл жерде туындайтын жалғыз сұрақ бар: бұл сыбайлас жемқорлықпен нақты күрес пе, әлде елдегі түрлі күштер арасындағы тартыстың басталғаны ма?" - деп жазды Facebook-та.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар