Солтүстік Корея президенті Трамппен кездесуді тізерлеп тұрып сұраған

/uploads/thumbnail/20180525110049310_small.jpg

Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын Дональд Трамппен кездесуді «тізерлеп» сұраған. Бұл жайында Ақ үйдегі Трамптың адвокаты Рудольф Джулиани хабарлады, деп жазады Bloomberg.

— Олар біздің вице-президент пен қауіпсіздік кеңесшісіне тіл тигізді. Бізді ядролық соғыспен қорқытып, өздерінің жеңіске жететініне сенімді екендерін айтты. Сол сәтте біз саммитті өткізбейміз деп шештік. Ким Чен Ын тізерлеп тұрып саммит өткізуімзді сұрап, жалына бастады, - деді адвокат Израильдегі сөзінде.

Майдың соңында Трамп арадағы келеңсіздіктер салдарынан саммит өткізуді дұрыс деп таппайтынын айтып, Ким Чен Ынға хат жолдаған. Алайда АҚШ президенті алдағы уақытта КХДР президентімен кездесуге дайын екенін жеткізген.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, АҚШ президенті мен Солтүстік Корея басшысы Сингапурде 12 маусымда кездеседі.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар