Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР-ға мемлекеттік сапармен барды

/uploads/thumbnail/20180607101435148_small.jpg

Мемлекет басшысы Пекин қаласына келді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігінің жетекшісі Біләл Қуаныш

Сапар барысында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен, Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен, Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдерінің жиналысының Тұрақты комитетінің Төрағасы Ли Чжаньшумен жоғары деңгейдегі кездесулер өткізу, сондай-ақ Қазақстан мен Қытайдың іскер топтар өкілдерімен жүздесу және бірқатар екі жақты құжаттарға бірлесе қол қою жоспарланып отыр. 

Осы жиынның алдында Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин екіжақты кездесу үшін қазақ басшысын ел астанасына арнайы шақырып отыр. Бұл қос мемлекет басшысының 18-ші рет жүздесуі. 

Ал соңғы кезде қысымға ұшыраған Қытайдағы этникалық қазақтар ортасындағы туыстарына барып ұсталып, қамалған Қазақстан азаматтары мәселесі бұл сапарда айтылар-айтылмасы әзірге белгісіз.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар