ҚР Мемлекетік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтарға 730 $ көлемінде сыйақы беруді уәде етті. Бұл туралы агенттіктің төрағасы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Әрбіріміз қазіргі уақытта да, болашақта да сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ деп айтатын болсақ, әрбір қазақстандық жемқорлықты жеңуге болатынына сенетін болса, елдегі сыбайлас жемқорлықты жеңу әбден мүмкін екеніне көзім жетті. Ең бастысы, әрбір азаматтың қазірден бастап осыған ұмтылуы маңызды. Достар, егер сіз сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңбұзушылық орын алып жатқанына куә болсаңыз, яғни пара ұсынылып немесе беріліп жатқанын көрсеңіз, бюджет қаржысының ұрлануы жоспарланып жатқанын білсеңіз, қызметін асыра пайдалану орын алып жатқанына куәгер болсаңыз дереу агенттікке хабарласыңыздар» , - деп жазды ведомоства басшысы Facebook-те.
Шпекбаевтың айтуынша, бірде-бір қоңырау қараусыз қалмайды. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты ақпаратпен бөліскен азаматтарға құпиялылық пен құқықтық қорғауға кепілдеме беріледі. Егер ақпарат расталған жағдайда, ақпаратпен бөлісуші 240 мың теңгеге ($730) дейін сыйақы ала алады.
Пікір қалдыру