Бүгін ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бейжің қаласында ҚХР төрағасы Ши жин пиңмен кездесті. Қазақстан делегациясы құрмында еліміздің бірқатар министрі бар.
Президент пулының қатарында Бейжіңге барған Qamshy.kz ақпарат агенттігінің жетекшісі Біләл Қуаныштың хабарлауынша, Қытай тарапы Елбасыны салтанатты түрде қабылдады. Бейжіңдегі Халық жиналысы үйінің алдында сап түзеген әскерилер Қазақстанның Мемлекеттік әнұранын оркестрмен орындап, Нұрсұлтан Назарбаевқа зор құрмет көрсетті.
Бұл – екі ел басшысының 18-ші рет жүздесуі.
Сапар барысында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ши жин пиңмен, Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен, Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдерінің жиналысының Тұрақты комитетінің Төрағасы Ли Чжаньшумен жоғары деңгейдегі кездесулер өткізу, сондай-ақ Қазақстан мен Қытайдың іскер топтар өкілдерімен жүздесу және бірқатар екі жақты құжаттарға бірлесе қол қою жоспарланып отыр.
Пікір қалдыру