Биыл бұл көрсеткішті екі есе көбейту жоспарланып отырғанын жеткізген департамент басшысы мемлекет тарапынан 800 кепілдік берілетінін нақтылады.
— Жалпы, мұндай кепілдік несие сомасынан 85 пайызды құрайды. Мысалы, кәсіппен айналысуға ниетті адам бір миллион теңге алса, оның 850 мың теңгесіне Үкімет кепілдік береді. Қалған 150 мың теңгеге несие алушы өзі кепілдік қоюы керек. Мысалы, ауылдағы малын, жерін, жылымайтын мүлігін қоюға болады. Ондай мүмкіндік бар, — деді Ж. Дулатов.
Сонымен қатар ол биыл берілетін 14 мың несиенің 11 мыңы ауылдық жерлерде тұратын кәсіпкерлерге бөлінетінін айтты. Ал қалған 3 мыңға жуығы қалалар мен моноқалалардағы кәсіпкерлерді қамтымақ.
Еске сала кетейік, биыл наурыз айында жариялаған Бес әлеуметтік бастамасы аясында Елбасы шағын несие беруді көбейту міндетін қойған болатын. Мемлекет басшысы бұл шара, әсіресе, ауыл-аймақтар тұрғындары үшін, ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту үшін аса маңызды екенін атап өткен еді.
Пікір қалдыру