ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Пекиндегі халық қаһармандарының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.
Елбасы Қытайға ресми сапарында Тяньаньмэнь алаңына барып, ХІХ-ХХ ғасырдағы қытай халқының революционер батырларын еске алды.


Айта кетейік, ескерткіш 1840 жылы апиын соғысы кезіндегі Қытайдағы революциялық қозғалыс тарихын көрсететін оқиғаларға арналған.