Бүгін 61993 әскери бөлімнің саптық алаңда бірнеше күн бұрын ант қабылдаған жас сарбаздарға салтанатты түрде қару тапсыру рәсімі өтті. Әскери теxника мен қаруды тапсыру рәсімі - әскердегі сарбаздың маңызды оқиғаларының бірі.
Курстан өту кезінде жас сарбаздар штаттық қарудың сипаттамасын, оның жпуынгерлік мүмкіндігін, заманауи ұрыстың маңызын, сондай-ақ қару-жарақпен, әскери теxникамен, ату қаруымен жұмыс жасау кезінде қауіпіздік шаралардың талаптарын зерделейді. 61993 әскери бөлімінің командирі Булат Дюсембаев салтанатты шарада сөз сөйлеп, әрбір әскери қызметші жалпы әскери жарғылардың талаптарын бұлжытпай орындап, Отанды қорғау үшін сеніп тапсырылған қару жас сарбаздардың есінде қалатынын айтты. Содан кейін команда бойынша командирлер салтанатты рәсімге кірісті. Әрбір ату қаруының серия нөмірін, оның атауын және алған күні жазба кітабына тіркеелді және ведомостпен бекітіліп берілді. Нағыз қаруды қолына ұстаған кешегі бала бүгінде нағыз ер-азамат болып, өзін жауапты, мықты сезінді.
Қаруға жауапты болу өзіңнің қызметтік міндетіңе лайықты болғаныма мақтанамын. Мен өзімнің қаруымды лайықты деңгейде ұстаймын. Мен өзімнің Отандастарымның, ата-анамның, командирлерімнің сенімін ақтауға сенімді тұрде айта аламын,- деді Амир Мақсат.
Шара соңында салтанатты маршпен жүріп өтіп, концерттік бағдарламаға ұласты.
Қарлығаш Мұсабекқызы
Пікір қалдыру