Әуе шабуылының әскерлері дабыл бойынша көтерілді

/uploads/thumbnail/20180608162009357_small.jpg

Әуе шабуылының әскерлері және Алматы қаласының жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері дабыл бойынша көтерілді.

Әуе шабуылдаушы әскерлерінде жазғы оқу кезеңі әскери бөлімдер мен бөлімшелерде жауынгерлік әзірлікті тексеруден басталды. Дабыл бойынша көтерілген шабуылшылар белгіленген уақытта аудандарына келіп, назар аударып бұдан әрі орындалатын тапсырмаларына толықтай дайындыққа кірісті. Жаңа оқу кезеңінде әскери қызметшілер бөлімшенің ішінде жеке- дара дайындықпен айналысады. Жаңадан ант қабылдаған мерзімді әскери қызметтегі сарбаздар қару- жарақпен көлік құрылғыларын пайдаланып үйренуге тағайындалады.

Алматы

Әуе шабуылшылары әскерлерінің командирі өз сөзінде, жаңа оқу кезеңінде бұрын жауынгерлік дайындықта қол жеткізілмеген нәтижелерді ескере отырып, әскери жауынгерлікті оқытуда маңызды іс-шараларды сапалы жетілдіру көзделгендігін сондай-ақ жаңа оқу кезеңінде әскери қызметшілердің жауынгерлік дайындық жүйесін жетілдіруде кәсіптік деңгейлерін үнемі аттыру жұмыстарымен байланысты екендігін атап өтті.

Бүгінгі күні әскери бөлімшелердің батальондары, рота және бөлімдері мен бөлімшелерінің тактикалық- саптық сабақтар жүргізілуде.
Қарулы күштерінің жеке құрамын кенеттен түскен дабыл бойынша көтеріп, бақылау тобының жұмыстары ұйымдастырылған. Саптық- тактикалық сабақтар әскери бөлімдер мен бөлімшелердің қысқа мерзімде жан- жақты дайындықта берілген тапсырманы орындауларын тексеруге мүмкіндік беретінін атап өту қажет.

Алматы

Оқыту кезеңінің соңында бөлімшелерде әртүрлі тактикалық оқыту жұмыстары жүргізіледі.

Еске салатын болсақ, әскерде 2018 жылғы оқу жылында жұмылдыру және жауынгерлік дайындықты әскерде және басқармаларда мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жоғары жауынгерлікті ұстап тұру көзделген.

Алматы қаласы жергілікті әскери органдарының негізгі міндеті ҚР Әскери құрылымдары және басқа да әскерлерін қарулы күштеріне ресурстады шақыру және жұмылдыру болып табылады.

Жұмылдыру- мемлекеттік ұйымдар мен органдарда, қарулы күштерінің әскери құрылымдарында және басқа да әскерлерінде Қазақстан Республикасының аумағындағы халықты және экономиканы соғыс кезеңінде (жалпы жұмылдыру) немесе кейбір бөлімдерде (ішінара жұмылдыру) жұмылдыру бойынша жалпы мемлекеттік іс- шаралар кешені.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар