Путин Трамппен "бейтарап аймақта" кездесуді қалайды

/uploads/thumbnail/20180608162527227_small.jpg

Ресей президенті Владимир Путин таяуда Австрияға барған сапарында осы ел канцлері Себастьян Курцке биыл жазда Венада АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуін ұйымдастыруға жәрдемдесуін сұраған. Бұл туралы америкалық Wall Street Journal (WSJ) газеті еуропалық дипломатия арналарындағы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады. Басылым дерегінше, Курц Путиннің өтінішін Трампқа жеткізуге уәде берген.

Wall Street Journal-дың жазуынша, Ақ үйдегілер қазір Путиннің ұсынысына ойланып жатыр. АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі ресейлік агенттікке Трамп пен Путин оңаша кездесу мүмкіндігін бұған дейін де талқылағанын, бірақ әзірге Вашингтон бұған қатысты ешнәрсе айта алмайтынын" хабарлады.

Ресей мен АҚШ президенттері кездесу мүмкіндігін биыл наурызда телефонмен сөйлескенінде талқылаған. Бірақ содан бері кездесуге дайындық шаралары жасалған емес.

Дональд Трамп пен Путин арасында толық екі жақты саммит болмаған. Былтыр шілдеде Гамбургтегі G20 саммиті барысында қос мемлекет басшыларының кездесуі небәрі екі сағатқа созылған.  

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар