Еліміздің мешіттерінде садақа теминалдары орнатылатын болады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
ҚМДБ баспасөз қызметінің жетекшісі Ағабек Қонарбайұлының айтуынша, мешіттің есеп-шотына түскен қаржы қайырымдылық шаралар мен құлшылық үйінің коммуналдық шығындары мен дін қызметкерлерінің жалақысына, ғылыми, игі жобаларға жұмсалады.
"Бұл - қолма-қол ақшадан арылу деген сөз", - деді Қонарбайұлы.
Садақа терминалы бүгін Алматы мен Көкшетау мешіттеріне орнатылды. Ертеңнен бастап облыстың өзге орталықтарына орнатылмақ. Мүфтияттың бұл бастамасы кезең-кезеңімен жүзеге асатын болады
Пікір қалдыру