Сирияның солтүстік-батысында әуе шабуылынан 44-ке жуық адам қаза тапты. Оқиға 7 маусымда кешке болған.
Бейбіт тұрғындардың әуе шабуылынан қаза тапқанын "Ақ каска" ұйымының құтқарушылары да растап отыр. Қаза тапқандардың көбі балалар. Кейбір деректер бойынша, шабуылдан 60-қа тарта адам жараланған. Жаралылардың біразы ауыр халде жатқандықтан, құрбандар саны ұлғаюы мүмкін деген болжам бар.
Әуе шабуылы Идлиб провинциясының Зардана елді мекенінде жасалған. Бұл аймақты сириялық көтерілісшілер бақылайды. SOHR әуе шабуылын Ресей ұшақтары жасаған болуы мүмкін деп болжайды. Ресей әскери қолбасшылығы бұл ақпаратқа әзірге комментарий бермеді.
Пікір қалдыру