Жамбыл облысында түзету колониясындағы жедел жұмыс бөлімінің бастығының орынбасары сотталған адамнан пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин мәлімдеді.
«12 маусымда Жамбыл облысындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі ұлттық бюро департаменті жазасын өтеп жатқан сотталушыдан 2 миллион теңге көлемінде пара алған деген күдікпен қылмыстық атқару жүйесі департаменті жедел жұмыс бөлімі бастығының орынбасары Диханбаевты ұстады», - деді Жахин.
Күдікті жасаған қылмысын мойындағаны үшін қамауға алынбаған.
Пікір қалдыру